Алматы облысында 5 ауылдың аты қазақшаланады

Алматы облысында 5 ауылдың аты қазақшаланады

Алматы облысында 5 ауылдың аты қазақшаланады
ашық дереккөзі
Алматы облысы әкімдігі мен мәслихатының бірқатар ауылдық округ пен ауылдың атауын өзгерту туралы шешімінің жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды деп хабарлады turkystan.kz. Шешім «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» заңға және облыстық ономастикалық комиссияның қорытындысына сәйкес шығарылып отыр. Алматы облыстық әкімдік пен мәслихат ұсынып отырған атаулар:
  • Іле ауданының Энергетический ауылдық округі «Өтеген батыр» атауы;
  • Іле ауданының Чапаев ауылдық округі мен Чапаев ауылы «Байкент» ауылдық округі және «Байкент» ауылы атауы;
  • Іле ауданының Междуреченск ауылдық округі мен Междуреченск ауылы «Ақсай» ауылдық округі және «Ақсай» ауылы;
  • Іле ауданы Энергетический ауылдық округінің Покровка ауылы «Кенен Әзірбаев» ауылы;
  • Іле ауданы КазЦИК ауылдық округі Комсомол ауылы «Жайнақ» ауылы;
  • Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің Қызыл Ту-4 ауылы «Жібек жолы» ауылы.
Құжат жобасы порталда бүгін, 28 шілдеде пайда болды. Қоғамдық талқылау ағымдағы жылдың 11 тамызына дейін жалғаспақ.