Алматы облысында 5 ауылдың аты қазақшаланады

29 шілде, 2022 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
Алматы облысында 5 ауылдың аты қазақшаланады Алматы облысы әкімдігі мен мәслихатының бірқатар ауылдық округ пен ауылдың атауын өзгерту туралы шешімінің жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды деп хабарлады turkystan.kz. Шешім «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» заңға және облыстық ономастикалық комиссияның қорытындысына сәйкес шығарылып отыр. Алматы облыстық әкімдік пен мәслихат ұсынып отырған атаулар: Құжат жобасы порталда бүгін, 28 шілдеде пайда болды. Қоғамдық талқылау ағымдағы жылдың 11 тамызына дейін жалғаспақ.