Жүргізуші көшеде көмек сұраған қызды бұзақылардан құтқарды (ВИДЕО)

Жүргізуші көшеде көмек сұраған қызды бұзақылардан құтқарды (ВИДЕО)

Жүргізуші көшеде көмек сұраған қызды бұзақылардан құтқарды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желіде бейтаныс бойжеткеннің жол бойына жүгіріп шығып, көлік жүргізушісінен көмек сұраған видеосы тарады. Оқиға Алматы қаласында болған деп хабарлады turkystan.kz.  Бұл туралы журналист Михаил Козачков Telegram арнасында бейнежазба жариялады. Журналистің айтуынша, видеоны оған 28 шілде күні Рүстем атты көлік жүргізушісі жіберген. Ол көшеде бейтаныс бойжеткеннің көмек сұрағанын, оны көлікке мінгізіп алып кеткенін айтқан. Қазір полиция осы оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын бастады. 2000 жылы туған азаматша Б.-ны зорлауға әрекеттену фактісі тіркелді. Істі Жетісу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қарап жатыр. «Жәбірленуші қыз осы оқиғадан біраз уақыт бұрын алкогольдік ішімдік ішкен танысынан күдіктенеді. Тергеу тобы құрылды. Тергеу барысы Алматы қалалық Полиция департаменті басшылығының бақылауында» деп жазылған хабарламада.