Бір жыл бұрын жұмысқа кеткен азамат Ресейден табылды

Бір жыл бұрын жұмысқа кеткен азамат Ресейден табылды

Бір жыл бұрын жұмысқа кеткен азамат Ресейден табылды
ашық дереккөзі
Түркістан полицейлері жоғалған 46 жастағы азаматты Ресейден тауып, үйіне қайтарды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Полицияға арыз жазған азаматтың анасы 46 жастағы ұлының Ресейге жұмысқа кетіп, бір жыл бойы хабарсыз екенін айтқан. Түркістан қалалық Полиция басқармасының көші-қон қызметкерлері Ресей Федерациясында жұмыс бабымен болуы мүмкін деген тұжырымды ескеріп, сол жақтағы елшілік пен тәртіп сақшыларына хабарлама жіберді.
«Нәтижесінде, полицейлер жоғалған орта жастағы азаматты бірнеше күн ішінде тапты. Белгілі болғандай, жоғалған ер азамат Ресейде жұмыс жасауға барып, абайсызда аяғын сындырып алған. Содан бері жұмыссыз жатқан. Сондай-ақ азамат өз сөзінде анасы уайымдамас үшін оған хабарласпағанын айтты», - делінген хабарламада.