Алматыда заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешені бұзылады

Алматыда заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешені бұзылады

Алматыда заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешені бұзылады
ашық дереккөзі
Сот Наурызбай ауданындағы «Qadam» тұрғын үй кешенін сүру жөнінде шешім шығарды деп хабарлады turkystan.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұған дейін Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасы нысанды тексеріп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады. 4 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы рұқсат құжатынсыз басталған. Тексеру нәтижесі бойынша «Qadam ТК» ЖШС-не қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, кейіннен заңсыз салынып жатқан нысанды бұзу туралы талап арыз жазылды. Нәтижесінде сот шешімімен заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап қанағаттандырылды. Қазір шешімнің заңды күшіне енетін уақытын күтіп отыр. Жылжымайтын мүлікті сатып алудан бұрын тұрғындар салынып жатқан үй туралы ақпаратты тексеріп, мына жедел желі арқылы құжаттар пакетінің түгелдігін анықтай алады: +7 (727) 229-81-36.