Екібастұзда аулада тұрған екі көлік жанып кетті

Екібастұзда аулада тұрған екі көлік жанып кетті

Екібастұзда аулада тұрған екі көлік жанып кетті
ашық дереккөзі
Өрттің шығуына қасақана от қою себеп болған деп хабарлады turkystan.kz @Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 шілде күні сағат 02:31-де  Ломоносов көшесі, 17/2 мекенжайында тұрған Lada Priora жеңіл автокөлігі жанып кеткен.
«Сонымен қатар көліктің жанында тұрған 1998 жылғы Volkswagen Passat В3 автокөлігінің бір шаршы метр аумағы  жанды. Өрт сағат 02:41-де ауыздықталып, сағат  03:00-де  сөндірілді. Келтірілген шығын көлемі анықталуда. Зардап шеккендер жоқ», - дейді департаментте.
Оқиға орнында  өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі  жұмылдырылып, бір техника мен жеке құрамнан 6 қызметкер жұмыс істеді.