Қаңтар оқиғасына қатысқан 717 адамға қатысты сот шешімі шықты

Қаңтар оқиғасына қатысқан 717 адамға қатысты сот шешімі шықты

Қаңтар оқиғасына қатысқан 717 адамға қатысты сот шешімі шықты
ашық дереккөзі
Қаңтар оқиғасына байланысты 717 адамға сот шешімі шықты  деп хабарлады turkystan.kz. Бас прокуратура «жаппай тәртіпсіздікке қатысу», «ұрлық», «тонау», «қару-жарақ сақтау, қару алып жүру» және өзге баптар бойынша айыпталған 717 адам сотталғанын хабарлады.
«Оқиғаны тергеу нәтижесі бойынша сотқа 474 қылмыстық іс жіберілді. 717 адам тәртіпсіздікке қатысып, ұрлық, тонау, қару-жарақ сақтау мен алып жүру сияқты қылмыстар үшін сотталды», – деп жазылған хабарламада.
Бас прокуратураның мәліметі бойынша, жыл басынан бері 1 077 адамға қатысты негізсіз қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Бірақ олардың қаншасы Қаңтар оқиғасына байланысты екені нақтыланбаған. Уақытша қамау изоляторынан 512 адам босатылды.