Қызметтік көлігін жеке мақсатта пайдаланған сот төрағасы ескерту алды

Қызметтік көлігін жеке мақсатта пайдаланған сот төрағасы ескерту алды

Қызметтік көлігін жеке мақсатта пайдаланған сот төрағасы ескерту алды
ашық дереккөзі
Қарағанды ​​облысының қылмыстық істер жөніндегі арнайы сотының төрағасы қызметтік көлігімен жұмыстан тыс уақытта балаларын мектепке жеткізгені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды деп хабарлады turkystan.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап. Сот төрағасы Бекзат Шалғымбаевтың балаларын қызметтік көлікпен мектепке айдап бара жатқаны түсірілген видео былтыр желтоқсан айында әлеуметтік желіде жарияланған болатын. Судьяның ұлы қызметтік көліктен түскен сәтін оқиға куәгерлері видеоға түсіріп алған. Тексеру нәтижесінде қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдалануға қатысты заңбұзушылықтар анықталған. Материалдар Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриіне жіберілді. Тексеріс нәтижесінде Бекзат Шалғымбаев тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
«Қазақстанның Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің шешімімен Бекзат Шалғымбаев судья әдебі кодексінің нормаларын бұзғаны үшін ескерту түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады Қарағанды ​​облыстық сотының баспасөз қызметі.