Air Astana жолаушылар құқығын бұзғаны үшін жазаланды

Air Astana жолаушылар құқығын бұзғаны үшін жазаланды

Air Astana жолаушылар құқығын бұзғаны үшін жазаланды
ашық дереккөзі
Азаматтық авиация комитеті Air Astana компаниялар тобының үстінен тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. Қазір ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-мен бірлесіп рейстердің кешігуі мен жолаушылардың шағымына байланысты тергеу жүргізіп жатыр.
«Тергеу барысында 5 маусымда компаниялар тобына кіретін Fly Arystan әуе тасымалдаушысының Алматы-Шымкент бағыты бойынша «КС – 7105» рейсі 15 сағат 10 минутқа кешіккені белгілі болды. Ол рейс жолаушыларына ұшақтың көтерілуін күткен уақытта «ҚР Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» заңның 86-бабының 1-бөлігінде көзделген қызметтер, атап айтқанда, қонақүй ұсынылмаған»  деп жазылған хабарламада.
Осыған байланысты 28 шілдеде әуе компаниясының үстінен Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 567-бабының 2-бөлігі бойынша хаттама жасалған.
«Осы хаттама бойынша әуе компаниясына 1 000 АЕК (3 180 000 теңге – ред.) мөлшерінде айыппұл салынды. Бұған дейін Air Astana компаниялар тобы 7 және 21 шілдеде 1 000 АЕК (3 180 000 теңге – ред) айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Жалпы алғанда, биыл Air Astana компаниялар тобы рейс кешіктірілген кезде жолаушылардың құқығын бұзғаны үшін 9 189 000 теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді комитеттің баспасөз қызметінен.
Қазір рейстердің кешігуіне және жолаушылар құқығының бұзылуына байланысты тергеу жалғасып жатыр. Құқық бұзу фактілері анықталған жағдайда тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жауапкершілікке тартылады.