Пияз қымбаттады: АШМ тексеру жүргізеді

Пияз қымбаттады: АШМ тексеру жүргізеді

Пияз қымбаттады: АШМ тексеру жүргізеді
ашық дереккөзі
Ведомствоаралық комиссия (ВАК) пияз бағасының неге қымбаттағанын талқылады деп хабарлады turkystan.kz. Қазір пияз экспортына шектеу қойылмаған.
«Пияз бағасы кейбір өңірлерде 360 теңгеге дейін өсті. Осыған байланысты, Ведомствоаралық комиссия отырысында ҚР АШМ-ге ҚР СИМ Сауда комитеті және облыс әкімдіктерімен бірге бағаның өсу себептерін анықтау тапсырылған болатын», – деді ҚР СИМ ресми өкілі Әлішер Өмірзақ.