Алматыда қызымен бірге балалар арбасын ұрлайтын әйел ұсталды

Алматыда қызымен бірге балалар арбасын ұрлайтын әйел ұсталды

Алматыда қызымен бірге балалар арбасын ұрлайтын әйел ұсталды
ашық дереккөзі
Алматыда әйел кішкентай қызымен бірге балалар арбасын ұрлаумен айналысқан деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Жамбыл облысының 25 жастағы тұрғыны бірнеше мүліктік қылмыс жасағаны үшін ұсталды. Ол тұрғын үйлердің кіреберісінен балалар арбасы мен сәбилерге арналған велосипедтерді ұрлап жүрген.
«Бейнебақылау камераларынан аталған әйелдің туған қызының көзінше еш қымсынбастан бірнеше рет қылмыс жасағаны анықталды. Қазір А. есімді азаматшаның бөтеннің мүлкін ұрлаудың 8 дерегіне қатысы бар екендігі дәлелденді», – деді Бостандық аудандық ПБ бастығы Думан Аухадиев.
Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр.