ШҚО-да жанармай құю станциясы маңында жарылыс болды

ШҚО-да жанармай құю станциясы маңында жарылыс болды

ШҚО-да жанармай құю станциясы маңында жарылыс болды
ашық дереккөзі
Облыс орталығында жанармай құю станциясы маңында жарылыс болып, 42 жастағы ер адам көз жұмды. Бір баланың денесін күйік шалған деп хабарлады turkystan.kz Semeynews.kz-ке сілтеме жасап. ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін, 28 шілдеде сағат 08:52-де Өскемендегі Промышленная көшесі бойында орналасқан ЖҚС аумағында жарылыс болған.
«Жанармай құюға арналған бөшкелерді тазалау кезінде ауа қосындысы жарылды. Соның салдарынан 2010 жылғы жеткіншектің денесін термиялық күйік шалды. Қазіргі уақытта ол ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнына шұғыл келген ТЖД құтқарушылары бөшке ішінен 1980 жылғы ер адамның денесін алып шықты», – делінген ақпаратта.
Алдын ала мәлімет бойынша ол резервуарды тазалаған. Оған 12 жастағы туысы көмектескен. Жазатайым оқиғаның себебі анықталуда.