Экология департаменті басшысының орынбасары сотталды

Экология департаменті басшысының орынбасары сотталды

Экология департаменті басшысының орынбасары сотталды
ашық дереккөзі

Қызылорда облысында шенеунік 10 жыл 6 айға сотталды деп хабарлады turkystan.kz Антикорға сілтеме жасап.

«Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының үкімі бойынша, Қызылорда облысы Экология департаменті басшысының орынбасары Б.Тілегенов қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде мерзімін өтеумен 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ол ЖШС басшыларына тиесілі 100 миллион теңгені алаяқтық жолмен иемденгені үшін кінәлі деп танылды», - делінген хабарламада.
Б.Тілегенов ЖШС басшыларын прокуратураның, мемлекеттік Кірістер және экономикалық тергеу департаменттерінің лауазымды тұлғалары арқылы мәселені шешпек болған. ЖШС-ге қатысты экологиялық заңнаманы бұзу туралы істі тоқтату және мемлекеттік кірістер органдарының хабарламасын кері қайтару үшін пара беруге итермелеген. Үкім заңды күшіне енген жоқ.