29 шілдеге арналған ауа райы болжамы

29 шілдеге арналған ауа райы болжамы

29 шілдеге арналған ауа райы болжамы
ашық дереккөзі
«Қазгидромет» РМК 29 шілдеде ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысып, күндіз екпіні 15-20 м/с құрайды. Қарағанды облысының солтүстік жартысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысып, найзағай кезінде күші 18-23 м/с артады. Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің солтүстік-шығысында, оңтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ақтөбе облысының оңтүстігі мен батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, өңірдің оңтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай ойнайды. Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз өңірдің солтүстігінде, батысында, шығысында бұршақ жауып, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысып, күндіз өңірдің солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с артады. Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады. Өңірдің солтүстігінде, таулы аудандарында желдің күші 15-20 м/с артады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с құрайды. Таңертең және күндіз Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында найзағай ойнап, солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Өңірдің оңтүстігінде екпіні 23 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай болжанады. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с жетуі ықтимал. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодар облысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с артады. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Түнде өңірдің солтүстігі мен батысында қатты жаңбыр болжанады. Сондай-ақ бұршақ, дауыл, тұман күтіледі. Желдің екпіні 23 м/с күшеюі ықтимал. Алматы облысында 29-31 шілдеде Іле Алатауында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с артады.