29 шілдеге арналған ауа райы болжамы

28 шілде, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
29 шілдеге арналған ауа райы болжамы «Қазгидромет» РМК 29 шілдеде ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысып, күндіз екпіні 15-20 м/с құрайды. Қарағанды облысының солтүстік жартысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысып, найзағай кезінде күші 18-23 м/с артады. Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің солтүстік-шығысында, оңтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ақтөбе облысының оңтүстігі мен батысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, өңірдің оңтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай ойнайды. Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз өңірдің солтүстігінде, батысында, шығысында бұршақ жауып, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысып, күндіз өңірдің солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с артады. Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады. Өңірдің солтүстігінде, таулы аудандарында желдің күші 15-20 м/с артады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с құрайды. Таңертең және күндіз Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында найзағай ойнап, солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Өңірдің оңтүстігінде екпіні 23 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай болжанады. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с жетуі ықтимал. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодар облысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с артады. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жауады. Түнде өңірдің солтүстігі мен батысында қатты жаңбыр болжанады. Сондай-ақ бұршақ, дауыл, тұман күтіледі. Желдің екпіні 23 м/с күшеюі ықтимал. Алматы облысында 29-31 шілдеде Іле Алатауында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с артады.