Бейсенбі, 23 Наурыз, 2023

Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі бостандыққа шықты

Бүгін Бақытбек Есентаев түрмеден босатылды. Бұл туралы оның қарындасы Нағима Есентаева Instagram парақшасында жариялады деп хабарлады turkystan.kz.

12 шілде күні Бақытбек Есентаевтың мерзімінен бұрын бостандыққа шығу туралы өтінішін Қапшағай қалалық соты қанағаттандырған. Осылайша ол 6 жылдан соң туған-туыстарымен қауышып отыр. Оны қарсы алуға жақындары мен достары жиналған.

«Міне, ағатайым шығып жатыр. Мына жақта көп достары күтіп тұр. Ағам көлікке отырды. Енді бұл жерді өмірі көрсетпесін. Кеттік, тойлатамыз», – деді Нағима Есентаева видеода.

 

Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі бостандыққа шықты

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button