Есік қаласындағы атысқа қатысты тағы 2 күдікті ұсталды

Есік қаласындағы атысқа қатысты тағы 2 күдікті ұсталды

Есік қаласындағы атысқа қатысты тағы 2 күдікті ұсталды
ашық дереккөзі
Алматы облысының Есік қаласындағы атысқа қатысы бар тағы 2 күдікті ұсталды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Барлығы үш күдікті ұсталған. Олар 1999 және 1992 жылы туған азаматтар. Үшеуі де қамауға алынды», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінде.
Қылмыстық іс үш бап бойынша (Адам өлтіру, адам өлтіруге оқталу және қаруды қолдану арқылы бұзақылық жасау) тергеліп жатыр. Еске салайық, шілденің 22-сінен 23-іне қараған түні Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында атыс болып, екі адам ауруханаға түсті. Кейін оның біреуі көз жұмды. 25 шілде күні қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 35 жастағы ер адам ұсталған болатын.