Нұр-Сұлтан қаласындағы футбол алаңынан ер адамның мәйіті табылды

Нұр-Сұлтан қаласындағы футбол алаңынан ер адамның мәйіті табылды

Нұр-Сұлтан қаласындағы футбол алаңынан ер адамның мәйіті табылды
ашық дереккөзі
Астанадағы футбол алаңдарының бірінен 38 жастағы ер адамның денесі табылды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«26 шілде күні сағат 10.11-де «102» арнасына Петров көшесіндегі футбол алаңының жанынан 38 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы қоңырау түсті», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазір аталған оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сонымен қатар сот-медициналық сараптама тағайындалды.