Халықтың 65 пайызы газбен қамтылады

Халықтың 65 пайызы газбен қамтылады

Халықтың 65 пайызы газбен қамтылады
ашық дереккөзі
2030 жылға дейін қазақстандықтардың 65 пайызын газбен қамту жоспарланып отыр деп хабарлады turkystan.kz «Атамекен» ҰКП сілтеме жасап. Көгілдір отынға бірінші кезекте еліміздің орталық және солтүстік өңірлері қосылады. Жоспарға сай, газ өндіру көлемі артады. Яғни, бүгінгі 29,4 млрд текше метрден, 2030 жылға қарай 42 млрд текше метрге дейін. Сондай-ақ, көгілдір отын тасымалдауға арналған инфрақұрылымның 25 пайызы жөндеуден өтпек.
«Жоспарға қарамастан, іс жүзінде өндірілетін шикі газдың үштен бірі оны өндіру ісінде энергия көзі ретінде қайта жұмсалатынын ұмытпаған жөн. Осы орайда, көгілдір отын өндіретін кәсіпорындардың техникалары мен қажетті құрал-жабдықтарына кететін энергияны басқа көздерден алуды қарастыру маңызды. Осылар жүйелі жолға қойылса, онда газ көлемін жылына 33 млрд текше метрге дейін арттыруға болады», – деді «Атамекен» палатасы базалық салалар департаментінің басқарушы директоры Дінмұхамед Құдайбергенов.
Бұл бағыттағы жұмыстарды шешу үшін Кәсіпкерлер палатасы шағын және орта бизнес өкілдерін тартуды, оларды ынталандыру шараларын бекітуді ұсынып отыр.