Елордада балаға қол көтерген тәрбиешіге айыппұл салынды

Елордада балаға қол көтерген тәрбиешіге айыппұл салынды

Елордада балаға қол көтерген тәрбиешіге айыппұл салынды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанда жекеменшік балабақшалардың бірінде балаға қол көтерген тәрбиеші әкімшілік жазаға тартылды деп хабарлады turkystan.kz елорда сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 7 маусымда елордалық жекеменшік балабақшалардың бірінде тәрбиеші балаға дене жарақатын келтірген, ол баланың денсаулығына жеңіл зиян болып есептелді. Аталған факті бойынша учаскелік инспектор әкімшілік іс қозғап, тәрбиешінің іс-әрекетін «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бабы (ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігі) бойынша саралады. Сот отырысы барысында құқық бұзушы К. өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді. Сот К-ны балаға дене жарақатын келтіргені ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігі бойынша құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 15 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салған. Баптың санкциясы 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуды көздейді. Сот жауаптылықты жеңілдететін мән-жайы ретінде К-ның асырауында жас баласының болуын және жасаған ісіне өкінуін ескерген. ӘҚБтК-нің 50-бабының 2-бөлігіне сәйкес жүкті әйелдерге және 14 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге әкімшілік қамаққа алуды қолдануға болмайды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.