Жастар еттен бас тартпауы керек – Төрегелді Шарманов

Жастар еттен бас тартпауы керек – Төрегелді Шарманов

Жастар еттен бас тартпауы керек – Төрегелді Шарманов
ашық дереккөзі
Қазақ тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов ет тағамдарының маңызы туралы айтып, кеңес берді деп хабарлады turkystan.kz.
«Жастарға еттен бас тартуға болмайды. Өйткені ет ақуыз ретінде организмнің иммунитетін нығайтуға, пластикалық материал болып, жігіттердің бұлшықетінің шымыр, мықты, бойжеткендердің сымбатты болуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жыныс бездерінің жұмысы үшін ет тағамдарының маңызы зор. Көкөністі тағамдардың да берері көп. Витаминдер мен минералдық заттардың қайнар көзі. Көкөністі тағамдар зат алмасуды ынталандыратын органикалық қышқылдармен, антиоксиданттық заттардың түсуімен қартаю үрдісін баяулатады. Ет тағамдарымен түсетін холестериннен, артық майдан сақтап, әсіресе семіздік, жүрек қантамыр жүйесінің, қатерлі ісік ауруларының қаупін азайтады», – деп жазды ғалым.
Айтуынша, қазақ баласы қазақтың ет тағамдарымен өсіп-жетілуі тиіс. Қазақтың ұлттық ет тағамдарының дәмі мен иісін ғана емес, оның тарихы мен емдік қасиеттерін бойына сіңіріп өсуі қажет.
«Күн суытқанда пияз, сарымсақ салған не құрт езген еттің сорпасын ішсе, жоғары тыныс жолының инфекциялық ауруларын жеңуге ықпал етеді. Шаршағанда еті, қазысы бойға қуат береді. Балық еті қазіргі заманымыздағы өлім-жітім себепшісі болып отырған инсульт, жүрек ауруларынан сақтандырады», – деп кеңес берді нутрициолог ғалым.