Уханьда тағы локдаун жарияланды

Уханьда тағы локдаун жарияланды

Уханьда тағы локдаун жарияланды
ашық дереккөзі
Қытайдың Ухань қаласының шетінде 1 миллиондай адам карантинге жабылды. Жергілікті билік мұндай шешімді 4 тұрғыннан коронавирус табылғаннан кейін қабылдады деп хабарлады turkystan.kz. Жаңа ережеге сәйкес, алып мегаполистің Цзянся ауданының халқы үш күн бойы үйлерінен немесе ауласынан ұзап шықпауы керек. Айта кетсек, коронавирус алғаш 12 миллион халқы бар Уханьда 2019 жылы анықталды. Содан бері мұндағы қытайлықтар қауіпті індетке қатысты тесттен ұдайы өткізіліп тұрады деп жазды qazaqstan.tv.