Тіс дәрігері кір жуатын машинадан ұшақ жасады (ВИДЕО)

Тіс дәрігері кір жуатын машинадан ұшақ жасады (ВИДЕО)

Тіс дәрігері кір жуатын машинадан ұшақ жасады (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Талғарлық тіс дәрігері Қуаныш Мұхамеджанов қызметін тастап, 6 жылдан бері арманындағы идеясын жүзеге асырып келеді деп хабарлады turkystan.kz  Хабар телеарнасына сілтеме жасап. Тұрмыстық техникаларды кәдеге жарата білген шебер 30-дан аса мүсін құрастырыпты. Ішіндегі ең көлемдісі – 8 кір жуатын машина, 4 теледидар, 3 газ пеші мен тоңазытқыштан құрастырылған ұшақ. Бұл арт-мүсін үшін жарты жыл еңбектенген.
«Соңғы жылдары ірі арт-мүсіндер жасауға бет бұрдым. Бірінші әуе кемесін құрастыруды ұйғардым. Оның  жобасы әу баста шағын болған. Кейін дизайнын жетілдіріп, көлемін үлкейттім. Құрастыру жұмыстарына үш айдан аса уақыт кетті», – дейді арт-мүсінші.
Бұл өнер Шығыс Азия мен Батыс елдерінде жақсы дамып, табыс көзіне айналған.