Пышақпен қорқытқан: Алматыда тұрғындарды тонаған топ ұсталды

Пышақпен қорқытқан: Алматыда тұрғындарды тонаған топ ұсталды

Пышақпен қорқытқан: Алматыда тұрғындарды тонаған топ ұсталды
ашық дереккөзі
Алматыда пышақпен қаруланған жастар өтіп бара жатқан адамдарды тонаған деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 
«Күдікті ретінде 2005 жылы туған Д. есімді азамат,  Ж. есімді азамат,  Н. есімді азамат және 2003 жылғы Б. есімді азамат ұсталды. Олар заңсыз баю мақсатында пышақпен қорқытып, өтіп бара жатқан адамдарды ұрып-соғып, ұялы телефондары мен басқа да мүліктерін тартып алған. Төрт жігіт саябақтар мен халық көп жиналатын жерлерде жүрген.  Олар қорғансыз азаматтарға түнгі уақытта ғана шабуыл жасаған. Аталған тұлғалар ұсталып, қарақшылық шабуыл жасағандарын мойындады», - деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Дәурен Өтебаев.
Қазіргі уақытта ұсталғандардың бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.