АШМ: 5 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады

АШМ: 5 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады

АШМ: 5 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады
ашық дереккөзі
Ауыл шаруашылығы министрлігі жыл соңына дейін пайдаланылмайтын тағы 5 млн гектар ауыл шаруашылығы жерін мемлекетке қайтаруды жоспарлап отыр деп хабарлады turkystan.kz. Ведомствоның мәліметінше, соңғы 7 айда 904 мың гектар пайдаланылмаған немесе заңнаманы бұза отырып берілген жер мемлекет пайдасына қайтарылды, ал былтыр  430 мың гектар жер қайтарылған.
 «Мемлекет басшысының тапсырмасымен пайдаланылмаған және заңнаманы бұза отырып берілген жерді қайтару жөніндегі жұмыс комиссиясы құрылды. Қазіргі уақытта бірнеше бағыт бойынша жұмыстар қатар жүріп жатыр: барлық облыстарда құқық қорғау және мемлекеттік органдарды тарта отырып, ведомствоаралық топтар құрылды; 7,45 млн гектар алаңда 2 584 субъектіге қатысты «жаппай қауіп» шеңберінде Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшелерінің тексерулер жүргізуін көздейтін Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы қабылданды. 1 млн 517 мың гектар алаңда жер пайдаланушыларға қатысты 601 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, 680,9 мың гектар жерге қатысты тағы 57 материал Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармаларында тіркеу сатысында тұр» деп жазды министрлік.
Айта кетсек, мемлекет пайдасына қайтарылған жерлерді одан әрі аграрлық сектор өкілдеріне тікелей пайдалануға беру үшін жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер арқылы) бөледі.