Мұрат ӘБЕНОВ: Жерді мемлекет меншігіне қайтару – қоғамның сұранысы

Мұрат ӘБЕНОВ: Жерді мемлекет меншігіне қайтару – қоғамның сұранысы

Мұрат ӘБЕНОВ: Жерді мемлекет меншігіне қайтару – қоғамның сұранысы
ашық дереккөзі
«Жер аманаты» комиссиясы жер дауына байланысты мәселелерді түбегейлі шешіп, әділдік орнатуды мақсат етеді. Осыған дейін мемлекетке қайтарылған жер­лер алдағы уақытта тиімді пайдалануға берілмек. Ал қайтарылатын жер кө­лемі әлі де көп. Комиссия мүшелері бұл бағытта тынбай еңбек етіп, нәтижелі жұ­мыс атқаруда. Газетіміздің бүгінгі санында «Серпін» Ұлттық білім және ин­новациялар палатасының президенті, «Жер аманаты» комиссиясының мүшесі Мұрат Әбеновпен сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз. – «Жер аманатының» мақсаты – жер дауына байланысты қордалан­ған мәселелерді шешу. Комиссия осы мақ­сатты толықтай атқара ала ма? – «AMANAT» партиясы жанынан құ­рыл­­ған комиссияның саяси мүмкін­дік­тері жоғары. Көп ретте елімізде cоттың, Жер комитетінің шешімін орындалмай жа­тыр. Заң орындалмаған жағдайда сырт­тан саяси күшпен әсер етпесе, жағ­дай шешілмейді. Елімізде бір қаланың бос жатқан барлық жерін әкімдермен ауыз жаласып заңдастырып алған олигархтар бар. Бос жерді не өзі пайдаланбайды, не өзгеге бермейді. Қаншама адамға зиян келтіріп отыр. Жер дауына байланысты сот шешім шығарады, Жер комитеті ше­шім шығарады, бірақ әкімдік орын­да­май­ды. Сот шешімі орындалмағаннан кейін ха­лық митингке шығады, бірақ бұдан мә­селе шешілмейді. Тұйыққа тіреліп тұра береді. Сондықтан мәселені орталықтан ба­қылауға алып, саяси шешім жасап, бұл мә­селені Парламентте көтеріп, Пре­зи­дент айтуы керек. «Жер аманаты» комиссиясының мү­шелерін әкімдер жақтырмайды. Облыс­тарға барған кезде әкімдер кездеспейді, қашып жүреді немесе қорқытқысы ке­ле­ді. Жергілікті халыққа «Мәселені айт­паң­дар» деп алдын алда үгіт жүргізеді. Алайда аза­маттар осындай кезде айтып әділдік ор­натып алмаса, ертең жабулы қазан жабу­лы күйінде қалып кететінін біліп отыр. Жерді мемлекет меншігіне қайтару – пар­тияның шешімі емес, қоғамның сұра­нысы. Партия азаматтардың белсенділігі мен талапшылдығын дұрыс пайдаланса, халықтың күшіне сүйенсе, көп мәселе оң шешімін табатыны анық. – Латифундистер дегеніміз кім­дер? Тек олигархтар ғана ма? – Біздегі латифундистер билікпен бай­ланысы бар немесе билікте жүрмесе де пара беретін жағдайы бар, пара беру ар­қылы жақсы жерлерді өзіне заңдас­ты­рып алғандар. Бұл да сыбайлас жемқор­лық­тың сорақы бір түрі. Президент әкім­дерге «Өз достарыңа барлығын бере­сің­дер, қалғандарына заңмен бересіңдер» де­ді. Алматыны басқарған әкімдер «Қа­зақ­фильмнің», ҚазҰУ-дың жерлерін әр­кімге беріп кетті. Қарапайым адам Ал­ма­тыдан үй салайын десе, «жер жоқ» дейді. Әкім­дер өз достарына заңды бұзып тұ­рып береді. Ал қарапайым халыққа «ер­тең кел», «арғыкүні кел», «жер жоқ» деп шы­ғарып салады. Кеше Оралда жер мә­селесіне байланысты кезекті сот шешімі шық­ты. Бір олигархқа соңғы бірнеше жыл­да 26 участок жер беріліпті. Міне, жо­ғарыда айтылған Президенттің сөзіне та­ғы бір мысал. Заңды белден басқандарға да тоқтау болатын кез келді. Жер – халықтың байлығы, ортақ мұра. Кейбір пысықай, жем­қор әкімдер жерді достары мен таныс­тарына оңды-солды таратқан. Сірә, жердің иесі жоқ деп ойласа керек. Кешегі Қаңтар оқиғасына да себеп жер оқиғасы екенін ұмытпауымыз керек. Әкімдер жерді халықтан қызғанып, пай­да­лануға бермеді. Ауылда айналы­са­тын кә­сіп қалмаған соң жастар қалаға кетті. Тұ­рақ­ты жұмысы жоқ, жалақысы мар­дым­сыз жастардың алаңға жиналуы да оңай болды. – Мемлекет меншігіне қайтарыл­ған жерлер қайтадан аукционға тү­се­ді. Осы жерде де «бармақ басты, көз қыстыға» жол беріліп кетпей ме? – Ондай да қауіп бар. Бірақ осыдан 5-10 жыл бұрынғы кезбен салыстырсақ, қа­зір жағдай мүлдем басқа. Қазір аза­мат­тар белсенді. Ауылдағы жерді таратып көр қазір, тұрғындар көшеге шығады. Ха­лыққа қарсы шығатын батыл әкімдер аз. Қаңтар оқиғасынан кейін әкімдер ха­лықтан қорқып, санасатын болды. Аукцион әділ, ашық, жария өтсе, қар­сы емеспін. Ақшасы жоқ адам бизнес жа­­­­саймын деп өтірік ақпарат беріп, жерді алған соң қараусыз қалдырса, ол бізге зиян. Керісінше, адамдар бірігіп, ақша жинап, аукционға түсіп, жер алып, оны ұқ­сатып, өндіріс ашып, жұмыс орнын ашса, ол бізге пайдалы. Осы жағын ойлау керек. Себебі бір адамға жер құнды, себебі оған жұмыс істеп, пайда табуы керек. Екін­ші адамға да жер керек. Ол мен де алып алайын, сосын сатып жіберемін дей­ді және ол өзінікін дұрыс деп есеп­тейді. Ондай жағдайларды да көрдім. Ке­зінде жерін тастап, ауылды тастап ке­тіп қалған. Қазір ауыл адамдарының сол жерді гүлдендіріп, өнім алып жатқанын көріп «Менің үлесімді беріңдер, әйтпесе, мен сендерге сатамын» немесе «бұрынғы есебім бар еді, ауылда отырсыңдар ғой, ма­ған үстінен үлесімді төлеп отырыңдар, мен қалада тұра беремін» дейді. Жер қай мемлекетте де жұмыс істеуі керек. Аукцион соған қарай бағытталса, нә­тиже бермеген жерді қайтарасың деп оған қоғам бақылаушы болса, дұрыс бо­лар еді. Мен алдын ала асыра мақтағым кел­мейді. Өзім әлі ең әділ конкурсты көр­ген жоқпын. Егер жерді кабинетте оты­рып алып, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация арқылы жабық түрде сатып жіберсе, жемқорлыққа жол берілді деген сөз. Алматыдағы, Оралдағы жерлерді ешқандай конкурсқа шығармай, жабық түрде заңсыз сатқан ғой. Ал аукцион деген ашық өтеді. Оны да көрелік. Менің байқағаным, қазір қоғам өзгерді, адамдар белсенді. Бұрын ауылда адамдар бәрі жақсы деп айтатын. Қазір елге барсақ, ауылдың адамдары әкім жемқор деп ашық айтады. Бұрын мәселе көтерген адам арызқой, бәлеқор деп жаман атты болатын, қазір олар – демократ, құқықтық сауатты, белсенді, елдің сөзін сөйлейтін азамат. Бұрын ондай адамды көпшілік жақтырмайтын, үйіне қонаққа да бармайтын. Қазір батыл, белсенді азаматтардың айна­ласына адамдар өздері жинала бастады. – Қайтарылған жерлерді тиімді пай­далану экономикамызға қан­ша­лық­ты пайдасын тигізеді? – Жұрттың бәрі бізде жерге қатысты белсенді деп айту қиын. Мен қазақты жалқау деп айта алмаймын. Жүздеген, мыңдаған жыл бойы қазақ өзінің малын өзі бақты, жерін сақтады. Мал бағумен-ақ тү­тіні түзу ұшты. Тек біз өзіміздің үйрен­шік­ті жермен айналысу әдісімізден айы­рылып қалдық. Өзбек халқы әуелден жер­ге жақын. Жерді пайдаланудың тәсіл­дерін біледі және одан пайда көріп үйре­ніп алған. Біз көп жағдайда жердің жағ­дайын түсіне бермейміз. Жерді қалай пай­далану керек, қандай дақылдар еккен дұрыс, тек қана малмен емес, егінмен де айналысайық деп көрсетіп, халыққа тү­сін­діру жұмыстарын жүргізіп, жаңа тех­нологияларды енгізсек жөн болар еді. Қа­зақ алғыр, ізденімпаз халық, тез үйре­ніп алады. Мысалы, оңтүстікке барсаңыз, жылыжайдан көп нәрсе жоқ. Өйткені пайдасы көп. Шымкентте бір ауылда бар­л­ық отбасы мал өсірумен айналысады. Міне, халыққа осыны үйрету керек. Мал ба­ғатын адамда шыдамдылық, төзімділік сын­ды қасиеттер басым болып, табиғат­тың қыр-сырын түсінетін, мал бағатын жерін қорғай алатындай болуы керек. Ал егін­шілік адамнан мүлдем басқа қасие­т­терді талап етеді. Сондықтан аграрлық елге айналамыз десек, халқымыздың қан­ға біткен қасиеттерін ескеріп, дұрыс бағытта дамытып, қалыптастыруымыз керек. Өзіміз ет қымбаттады деп ренжиміз, бірақ мал өсіріп, ет сатумен күн көріп отыр­ғандарға еттің сәл қымбаттау болға­ны жақсы ғой. Оны арзанға сатқызсақ, ауылдағы ағайынның жағдайы қандай бол­мақ. Малдың күтімі, жем-шөбі бар де­­гендей. Аграрлық елге азық-түлік баға­сы­ның қымбаттауы пайдалы-ақ болар еді. – Өзіңіз ауыл жақта жүрсіз, ауыл­дағы ағайынның көңілі тоқ па? – Ауылдағы әлеуметтік жағдай көп жыл­дар бойы назардан тыс қалып қойды. Ең негізгі мәселе – «ауылдағы адамдар нанын қалай тауып жейді» деген сұрақ. Ке­зінде жекеменшікке жер алуды, шаруа­шылықтардың жерін кейбір адамдардың жекеменшікке заңдастыруын мемлекет ба­қылаусыз қалдырды. Ірі жер телімдері же­ке адамдардың қолына түсіп кетті. Сон­­дықтан көп өңірде мал жаятын, егін еге­тін жер жоқ. Жұмыс істеймін деген­дер­дің жері жоқ. Ал жер бірінші кезекте ең­бек ететіндерге берілуі керек. Маңғыс­тау­да бір латифундистің қолында мил­лион гектарға дейін жер бар екен. Бұл ша­ғын бір мемлекеттің жер көлемі ғой.

Сұхбаттасқан Арайлым ЖОЛДАСБЕКҚЫЗЫ