Путин: Ресейдің Қарулы күштері кез-келген елдің әскерінен күштірек
Путин: Ресейдің Қарулы күштері кез-келген елдің әскерінен күштірек
РФ президенті Владимир Путин Ресейдің қарулы күштері қазір "кез-келген ықтимал қарсыластан күшті екенін" мәлімдеді, деп хабарлайды Азаттық.
Оның сөзінше, армия "елге төнетін қауіптің бетін қайтару жоспарына түзету енгізуге" дайын болуы тиіс.
"Қазір біз кез-келген ықтимал басқыншыдан күштірекпіз деп сеніммен айтуға болады" деп мәлімдеді Путин 22 желтоқсанда қорғаныс министрлігінде өткен қорытынды жиында.
Ол Ресей өзінің ядролық қуатын күшейтіп, "қолданыстағы және келешекте жасалуы ықтимал кез-келген зымыраннан қорғаныс жүйесіне тойтарыс бере алатын" зымырандары болуы тиіс екенін айтты.