Путин: Ресейдің Қарулы күштері кез-келген елдің әскерінен күштірек

РФ президенті Владимир Путин Ресейдің қарулы күштері қазір «кез-келген ықтимал қарсыластан күшті екенін» мәлімдеді, деп хабарлайды Азаттық. 

Оның сөзінше, армия «елге төнетін қауіптің бетін қайтару жоспарына түзету енгізуге» дайын болуы тиіс.

«Қазір біз кез-келген ықтимал басқыншыдан күштірекпіз деп сеніммен айтуға болады» деп мәлімдеді Путин 22 желтоқсанда қорғаныс министрлігінде өткен қорытынды жиында.

Ол Ресей өзінің ядролық қуатын күшейтіп, «қолданыстағы және келешекте жасалуы ықтимал кез-келген зымыраннан қорғаныс жүйесіне тойтарыс бере алатын» зымырандары болуы тиіс екенін айтты.

Back to top button