Дизайнер Жадо әнші Меруерт Түсіпбаевадан 20 миллион теңге өндіріп ала ма?

Дизайнер Жадо әнші Меруерт Түсіпбаевадан 20 миллион теңге өндіріп ала ма?

Дизайнер Жадо әнші Меруерт Түсіпбаевадан 20 миллион теңге өндіріп ала ма?
ашық дереккөзі
Дизайнер Жадо қорлады және жала жапты деп, әнші Меруерт Түсіпбаеваны сотқа берді, сондай-ақ, ол моральдық шығын ретінде 20 миллион теңге талап етіп жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық сотының ақпаратпен қамту бөлімінің жетекшісі Диас Махамбетов хабарлады. "Жеке айыптаушы Жадыра Сайхиева соттан Меруерт Түсіпбаеваны қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрады, ол Түсіпбаева жалап жапты және қорлады деп есептейді, сондай-ақ, одан азаматтық шағым тәртібінде 20 миллион теңге моральдық шығын өндіріп алғысы келеді", - деп хабарлады Диас Махамбетов. Махамбетовтың айтуынша, арыздануға әлеуметтік желідегі жазба себеп болған. Сөйтсек, Түсіпбаева Жадоның "Астана" телеарнасындағы "Ел аузында" бағдарламасындағы сөзіне жауап ретінде "ар-намысына тиетін сөздер" жазған екен. "Ал....тюрбан дегендi, етегi бар киiммен кию керек, Жадо! Джинсымен емес, клетка койлекке мынау ала орамал сайкес келмейдi! Мозги иногда надо все таки вкл! Понимаю, с 10 классным образованием, далеко не уедешь, итак тебе нечего делать, поступай к нам в академию Жургенова... Там Камилла Асхатовна научит, привьет эстетический вкус! Семipiп, алiндi бiлмей, алек болганша-сауатынды аш!!! Никогда не поздно! Век живи-век учись!", деп жазған Түсіпбаева Instagram желісіндегі парақшасында.  (орфография мен пунктуациясы сақталған). Алайда қазіргі уақытта бұл жазба өшіріліпті. Түсіпбаеваның өзі пікір білдіруден бас тартты. Өз кезегінде Жадоның директоры Ринат Тәттібайдың айтуынша, осы жазбадан кейін дизайнер өзін жайсыз сезінген. Тіпті екі рет талып қалған. Тәттібай Жадоның 20 миллион теңгемен қатар, еміне жұмсалған қаражатты өндіріп беруін талап етіп отыр екен. "Меруерт Жадоны 10 сыныптық білімі бар шошқа" деп атады. Жария түрде қорлап, әлеуметтік желіде ар-намысына тиді. Сондықтан біз сотқа бердік", - деді Тәттібай. Бірінші сот отырысына Түсіпбаева келмепті. Келесі сот отырысы қаңтарда өтеді. "Әзірше ресми түрде ешкім сұраған жоқ. Келесі тыңдауда Жадоның не істейтінін көреміз", - деп атап өтті дизайнердің директоры. Егер Меруерт Түсіпбаеваның кінәсі дәлелденсе, ол 3000 АЕК көлемінде (6 миллион теңгеден көп) айыппұл төлейді немесе осы көлемде түзеу жұмыстарына тартылады, немесе үш жылға бас бостандығынан айырылады немесе шектеледі.