Бейсенбі, 30 Наурыз, 2023

Шымкентте есірткі саудалағандар ұсталды

Шымкенттік полицейлер есірткі саудасымен айналысқан үш күдіктіні ұстады деп хабарлады turkystan.kz.

Олардың екеуін Достық шағынауданында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен тәртіп сақшылары ұстады. Олардан есірткі салынған екі полиэтилен пакет тәркіленді.

«Қарасора-2022» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Қайнарбұлақ тұрғын алабында полицейлер тағы бір ер адамды қолға түсірді.

«Сараптама қорытындысына сәйкес,  жалпы салмағы 7 кг 188 грамм марихуана тәркіленді. Ұсталғандар бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталған», – делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауда.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button