Шымкентте есірткі саудалағандар ұсталды

27 шілде, 2022 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөзі
Шымкентте есірткі саудалағандар ұсталды Шымкенттік полицейлер есірткі саудасымен айналысқан үш күдіктіні ұстады деп хабарлады turkystan.kz. Олардың екеуін Достық шағынауданында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен тәртіп сақшылары ұстады. Олардан есірткі салынған екі полиэтилен пакет тәркіленді. «Қарасора-2022» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Қайнарбұлақ тұрғын алабында полицейлер тағы бір ер адамды қолға түсірді.
«Сараптама қорытындысына сәйкес,  жалпы салмағы 7 кг 188 грамм марихуана тәркіленді. Ұсталғандар бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталған», - делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауда.