Жаңалықтар

Медицина университетінің экс-проректоры сотталды

ашық дереккөзі

Медицина университетінің экс-проректоры сотталды

Астана медицина университетінің экс-проректоры М.Дәулетьярова пара алғаны үшін бас бостандығынан айырылды деп хабарлады turkystan.kz. Нұр-Сұлтан қаласы «Байқоңыр» ауданының №2 соты үкімімен «Астана медицина университеті» КЕАҚ проректоры М.Дәулетьярова қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде мерзімін өтеумен 3 жылға бас бостандығынан айырылды. «Ол жеке компаниялардың басшысы Э.Гриценкодан электронды кітаптарды жеткізудегі жалпы қамқорлығы үшін 10 000 АҚШ доллары сомасында пара алғаны үшін, сондай-ақ делдал М.Қапаров арқылы ректор лауазымына тағайындау үшін 47 000 АҚШ доллары сомасында пара беруге әрекет жасағаны үшін кінәлі деп танылды», - делінген Антикор хабарламасында. Сот Гриценконы 3 жылға бас бостандығынан, делдал Қапаровты 7 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.