Сәрсенбі, 22 Наурыз, 2023

Алматыда қару-жарақ жасырылған орын анықталды

Алматы полицейлері қалада қару-жарақ арсеналы жасырылған тағы бір орынды анықтады деп хабарлады turkystan.kz.

Алматы қалалық криминалдық полициясының мәліметінше, Үлкен Алматы каналы бойындағы орман белдеуінен қару-жарақ арсеналы табылған.

«Табылған қару-жарақтың ішінде қос ұңғылы шолақ мылтық, газ тапаншасы, оқжатары жоқ BLOW F92 тапаншасы, 4 граната, әртүрлі калибрлі 39 патрон, 1 рация бар», – деп жазылған хабарламада.

Аталған дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді.

«Қару-жарақтың, сондай-ақ оқ-дәрілердің шығу тегі мен иесі одан әрі жүргізілетін жедел және арнайы іс-шаралар барысында анықталады», – деді ведомство өкілдері.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button