Атырау мұнай өңдеу зауыты авариялық жағдайда тоқтатылды

Атырау мұнай өңдеу зауыты авариялық жағдайда тоқтатылды

Атырау мұнай өңдеу зауыты авариялық жағдайда тоқтатылды
ашық дереккөзі
Атырау мұнай өңдеу зауытында электр энергиясы сөніп қалып, соның салдарынан алау өртенді деп хабарлады turkystan.kz. Зауыттың қоғаммен байланыс бөлімі хабарлағандай, алаудың жануына электр энергиясының өшуі себеп болған.
«KEGOC» АҚ электр қуатын жоспардан тыс тоқтатып тастады. Соның салдарынан Атырау мұнай өңдеу зауытында электр қуаты сөндірілді. Осыған байланысты зауыт жұмысы авариялық жағдайда тоқтатылды. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін сыртқы электрмен жабдықтау жүйесі толық тұрақтанғанша, зауыттың отын желісі технологиялық регламентке сәйкес алау жүйесіне бағытталады. «KEGOC» АҚ-ның электр беруді тоқтатуы жоспардан тыс болып отыр. Бұл өндірістің жұмысына кері әсер етеді», - делінген хабарламада.