Тунисте жаңа конституция жобасы қабылданды

Тунисте жаңа конституция жобасы қабылданды

Тунисте жаңа конституция жобасы қабылданды
ашық дереккөзі
Тунис Жоғары тәуелсіз сайлау комиссиясы 25 шілдеде өткен референдумда жаңа конституция жобасының қабылданғанын жариялады деп хабарлады turkystan.kz. Комиссия төрағасы Фарук Буаскердің айтуынша, сайлаушылардың 94,6%-ы Тунистің жаңа конституциясының жобасын қолдаған. Ал 5,4%-ы қарсы дауыс берген. Референдумға 2 630 094 сайлаушы қатысқан.
«Жоғарғы тәуелсіз сайлау комиссиясы Тунис Республикасының жаңа конституциясы жобасының қабылданғанын хабарлайды», - деді Буаскер.