Тунисте жаңа конституция жобасы қабылданды
Тунис Жоғары тәуелсіз сайлау комиссиясы 25 шілдеде өткен референдумда жаңа конституция жобасының қабылданғанын жариялады деп хабарлады turkystan.kz.
Комиссия төрағасы Фарук Буаскердің айтуынша, сайлаушылардың 94,6%-ы Тунистің жаңа конституциясының жобасын қолдаған. Ал 5,4%-ы қарсы дауыс берген.
Референдумға 2 630 094 сайлаушы қатысқан.
«Жоғарғы тәуелсіз сайлау комиссиясы Тунис Республикасының жаңа конституциясы жобасының қабылданғанын хабарлайды», - деді Буаскер.