Ердоған мен Путин Сочиде келіссөз жүргізеді
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин 5 тамызда Сочиде кездеседі деп хабарлады turkystan.kz Интерфаксқа сілтеме жасап.
Кездесу туралы ақпаратты Ресей Федерациясы президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков растады.
Ол келіссөздер аймақтық проблемалар және екіжақты қатынастар жайлы болатынын айтты.