Сенбі, 25 Наурыз, 2023

«ҚазАзот» цехының шатыры құлады

Ақтаудағы «ҚазАзот» АҚ цехының шатыры опырылып түсті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ деп хабарлады turkystan.kz.

24-25 шілдеге қараған түні «ҚазАзот» АҚ аумағында қатты дауыл болған.

«ҚазАзот» АҚ баспасөз қызметі кәсіпорында күрделі минералды тыңайтқыштар өндіру цехы (ПСМУ) ғимаратының шатыры ішінара қирағанын растады.

«Оқиға 24 шілдеде сағат 05:20-да болған. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты ғимараттың шатыры ішінара құлап кеткен. Технологиялық жабдықтар зардап шеккен жоқ. Оқиға болған жер «Жалын» Өрт сөндіруші» ЖШС авариялық-құтқару қызметінің қатысуымен тексерілді», – делінген «ҚазАзот» баспасөз қызметінің ақпаратында.

Қазіргі уақытта қауіпті аймақ қоршалып тұр. Қызметкерлерге де кіруге тыйым салынды.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button