Елордада жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Елордада жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Елордада жолаушылар автобусы өртеніп кетті
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтанда көше ортасында жолаушыларды тасымалдап жүрген автобус өртеніп кетті деп хабарлады turkystan.kz. 27 шілдеде сағат 14:45-те қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне Керей-Жәнібек хандар мен Түркістан көшелерінің қиылысында автобус өртеніп жатыр деген хабар түскен.
«Маршруттық автобустың қозғалтқыш бөлігі жанып жатқаны анықталды. Өрт 14.58-де сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 5 адам мен 1 техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада.