Алматыда самокат мінген қыз көлікке соғылып, көз жұмды

Алматыда самокат мінген қыз көлікке соғылып, көз жұмды

Алматыда самокат мінген қыз көлікке соғылып, көз жұмды
ашық дереккөзі
Алматыда самокат тепкен бойжеткен көліктің ашық терезесіне соғылып, көз жұмды деп хабарлады turkystan.kz Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға бүгін сағат 8:05 шамасында Марков көшесінің бойында болған.
«Nissan Patrol көлігінің жүргізушісі көлігін тоқтатып, есігін ашқан сәтте самокат айдап келе жатқан 27 жастағы қыз жылдамдықты игере алмай, қатты екпінмен көлікке келіп соғылған. Оқиға салдарынан зардап шеккен бойжеткен орталық қалалық ауруханаға жеткізілгенімен, бірнеше сағаттан соң алған жарақатынан қайтыс болды», – делінген ПД хабарламасында.
Қазіргі кезде аталған дерекке қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.