Әлихан Смайылов Ираклий Гарибашвилимен келіссөз жүргізді
Әлихан Смайылов Ираклий Гарибашвилимен келіссөз жүргізді
Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов елімізге ресми сапармен келген Грузия Премьер-министрі Ираклий Гарибашвилимен келіссөз жүргізді деп хабарлады turkystan.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық, өзара инвестициялар мен бизнес-байланыстарды кеңейту, екі елдің туристік әлеуетін дамыту, жаңа әуе рейстерін ашу, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Бүгінде Қазақстан Грузияға 34 тікелей әуе рейсін жүзеге асырады. Бұл орайда, Қазақстанның 12 әуежайында шетелдік әуе компаниялары үшін ашық аспан режимі енгізілді. Оның аясында рейстер саны бойынша барлық шектеуді алып тастау көзделген.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойды: Қазақстан мен Грузия арасындағы өзара тауар айналымының номенклатурасын кеңейту жөніндегі 2023-2026 жылдарға арналған жол картасы, Astana Hub халықаралық IT стартаптар технопаркі мен Грузияның Технологиялар және инновациялар агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум, сондай-ақ «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Грузия темір жолы» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.