Қызметкерінен ірі көлемде ақша талап еткен басшы ұсталды

Қызметкерінен ірі көлемде ақша талап еткен басшы ұсталды

Қызметкерінен ірі көлемде ақша талап еткен басшы ұсталды
ашық дереккөзі
Түркістан облысының полицейлері қызметкерінен ірі көлемде ақша талап еткен басшыны ұстады деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жасады деген күдікпен Сарыағаш ауданының тұрғынын ұстады. Нақтырақ айтсақ, Криминалдық полиция басқармасына Келес ауданының тұрғыны шағымданып, басшысының үстінен арыз түсірді. Яғни, арызда көрсетілгендей, мекемедегі бөлім басшысы қызметтік жағдайын пайдалана отырып, оның жұмыста қалу мүмкіндігі үшін үлкен көлемде ақша талап еткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Қылмысты ашу мақсатында Криминалдық полиция басқармасы, жедел қимылдайтын арнайы жасақ пен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінен жасақталған топ құрылып, күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін жүргізді. Жүйелі, жоспарға сай атқарылған жұмыс нәтижесінде, жедел уәкілдер Келес ауданы Абай кенті көшелерінің бірінде күдіктіні қылмыс үстінде ұстады. Күдікті жәбірленушіден миллион теңге алған кезде қолға түсті. Тінту кезінде полицейлер ұсталған тұрғыннан заттай дәлел ретінде ақша тәркіледі. Қазір аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.