Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқан сәтінің видеосы жарияланды

Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқан сәтінің видеосы жарияланды

Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқан сәтінің видеосы жарияланды
ашық дереккөзі

Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқан сәтінің видеосы жарияланды деп хабарлады turkystan.kz Qazaqstan ұлттық телеарнасына сілтеме жасап.

Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен көкке ұшты. Ғарышта 7 күн 22 сағат 12 минут болды. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал теңізі аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Айта кетейік, бүгін қазақтың қос ғарышкерінің туған күні. Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 76 жасқа, Қазақстанның ұшқыш-ғарышкері, Халық қаһарманы Айдын Айымбетов 50 жасқа толды.