Жаңалықтар

Қыркүйекте ЖОО оқытушыларының жалақысы көтеріледі

ашық дереккөзі

Қыркүйекте ЖОО оқытушыларының жалақысы көтеріледі

Бұл туралы Білім және ғылым министрі ретіндегі қызметі аяқталған соң атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты деп хабарлады turkystan.kz. «Жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы көтерілді. Ол үшін Президенттің тапсырмасы бойынша 2021 жылы профессорлық-оқытушылық құрам жалақысының ең төменгі деңгейін белгілейтін бұйрыққа қол қойдым. Бұл бұйрық жалақыны бұрынғымен салыстырғанда көбейтуге мүмкіндік берді. Жоғары оқу орнына жаңадан келген оқытушыға 1 ставка үшін кемінде 200 мың теңге бекітілді. Ал профессордың жалақысының минималды деңгейі 350-400 мың теңге болды. Педагогикалық жүктеме деңгейін оқу жылына 680 сағаттан аспайтындай етіп бекіттік. Сондай-ақ университеттердегі шамадан тыс бюрократия мен тікелей міндетке жатпайтын біраз функцияларды алып тастадық» деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.