Қыркүйекте ЖОО оқытушыларының жалақысы көтеріледі

Қыркүйекте ЖОО оқытушыларының жалақысы көтеріледі

Қыркүйекте ЖОО оқытушыларының жалақысы көтеріледі
ашық дереккөзі
Бұл туралы Білім және ғылым министрі ретіндегі қызметі аяқталған соң атқарылған жұмыстар туралы есеп берген Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы көтерілді. Ол үшін Президенттің тапсырмасы бойынша 2021 жылы профессорлық-оқытушылық құрам жалақысының ең төменгі деңгейін белгілейтін бұйрыққа қол қойдым. Бұл бұйрық жалақыны бұрынғымен салыстырғанда көбейтуге мүмкіндік берді. Жоғары оқу орнына жаңадан келген оқытушыға 1 ставка үшін кемінде 200 мың теңге бекітілді. Ал профессордың жалақысының минималды деңгейі 350-400 мың теңге болды. Педагогикалық жүктеме деңгейін оқу жылына 680 сағаттан аспайтындай етіп бекіттік. Сондай-ақ университеттердегі шамадан тыс бюрократия мен тікелей міндетке жатпайтын біраз функцияларды алып тастадық» деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.