Аймағамбетов Білім және ғылым министрі қызметіндегі жұмысын қорытындылады

Аймағамбетов Білім және ғылым министрі қызметіндегі жұмысын қорытындылады

Аймағамбетов Білім және ғылым министрі қызметіндегі жұмысын қорытындылады
ашық дереккөзі
Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрі ретінде қызметі аяқталуына байланысты атқарылған жұмысқа есеп берді деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы министр әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. Осы мақсатта ол барлық ғалым мен университет оқытушысына хат жазып, электронды пошталарына жолдаған.
«Сіздермен министр ретінде бірге жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе, үлкен абырой болды. Соңғы 3 жыл мазмұнды, маңызды әрі күрделі уақыттың бірі болды. Біз осы жылдар ішінде қазақстандық ғылым мен жоғары білім беру жүйесін барынша тиімді және бәсекеге қабілетті ету үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауға тырыстық. QS және Times Higher Education әлемдік рейтингтерінің соңғы нәтижелері де осыны дәлелдеп отыр. Биыл алғаш рет 16 университетіміз QS әлемдік рейтингіне енді және 2018 жылмен салыстырғанда бұл ЖОО-лардың саны екі есеге өсті. Сонымен қатар университеттердің рейтингтегі позициялары да айтарлықтай жақсара түсті», – делінген жолданған хатта.
Еске салсақ, Асхат Аймағамбетов 11 маусымнан бастап Оқу-ағарту министрі қызметіне кірісті.