Кафе күзетшісінің өліміне қатысты сот процесі басталды (ВИДЕО)

Кафе күзетшісінің өліміне қатысты сот процесі басталды (ВИДЕО)

Кафе күзетшісінің өліміне қатысты сот процесі басталды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Оралда кафе күзетшісі Гурам Гунияның өліміне қатысты сот процесі басталды деп хабарлады turkystan.kz Аstana арнасына сілтеме жасап.  Марқұмның анасы ұлын өлтірген қылмыскер жазадан құтылып кете ме деп уайымдайды. Айтуынша, Гурамның өліміне жалақысын уақтылы алмауы себеп болған.
«Неге кафе қызметкерлерін осы оқиғадан кейін жұмыстан шығарып жіберді? Ұлымды не үшін өлтірді? Осы екі сұрақтың жауабын таба алар емеспін. Мен әділдік орнағанын қалаймын. Ұлым жаттыққан фитнес-клубтағылар Гурамның ақшадан тарыққанын, оған жалақы төлемегенін айтады. Ол айлығын қолына алғанда кенеттен қаза тапты», – дейді марқұмның анасы Нани Гуния.  
Нани Гунияның айтуынша, күдікті осыған дейін бірнеше рет істі болған. Бірақ жазадан оңай құтылыпты. Сот мәліметінше, Гурам Гуния күзет бастығымен сөзге келіп, соңы төбелеске ұласқан.
 «Күдікті марқұм Гунианы пышақтап қорқытамын деп ойлап, оң жақ жамбасынан екі рет пышақ тыққан. Бірақ абайсызда өлтіріп алған. Жәбірленуші ауыр жараланып, сол жерде көз жұмды», – дейді Орал қаласының аға прокуроры Сырдаш Зихруллаев.
Күдікті өз кінәсін мойындаған, пышақты қорқыту үшін ғана сілтедім дейді. Оның қорғаушысы тергеуді қайта бастап, психиатриялық сараптама жүргізуді сұрап отыр. https://www.youtube.com/watch?v=9WpP36tIjWw