«Қазақстан халқына» қорының білім гранттарына қандай ЖОО-лар қатысады?

27 шілде, 2022 / Анель Жарылғасын
ашық дереккөзі
«Қазақстан халқына» қорының білім гранттарына қандай ЖОО-лар қатысады? «Қазақстан халқына» қайырымдылық қоры білім гранттары» бағдарламасына қатысатын жоғары оқу орындары мен қайырымдылық ұйымдары тізімін жариялады деп хабарлады turkystan.kz. «Қазақстан халқына» қорының ресми сайты: qazaqstanhalqyna.kz. Аталған қайырымдылық бағдарламасына жоғары білім бағдарламаларын іске асыратын 75 білім беру ұйымы мен білім беру саласындағы 2 қайырымдылық ұйым қатысады. Жоғары білім беру ұйымдары өткізетін конкурстардың қорытындылары бойынша білім гранттары мен шәкіртақыларды беру үшін бағдарлама қатысушыларын іріктеу критерийлері мынадай: ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша ЖОО-ға түсу үшін қажетті өту балын жинаған талапкерлерден: Бакалавриат бағдарламалары бойынша күндізгі бөлімде оқитын студенттерден: 2022-2023 оқу жылына арналған «Қазақстан халқына» ҚҚ білім гранттары» қайырымдылық бағдарламасына қатысатын 75 ЖОО мен студенттер өтінім бере алатын қайырымдылық ұйымдардың тізімін қордың ресми сайтынан көруге болады.