Жаңалықтар

Қазақстанда өткен тәулікте 2,7 мыңға жуық адам індет жұқтырды

ашық дереккөзі

Қазақстанда өткен тәулікте 2,7 мыңға жуық адам індет жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 2 684 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz. Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында - 864, Алматы қаласында - 505, Шымкент қаласында – 84, Ақмола облысында – 89, Ақтөбе облысында – 33, Алматы облысында - 73, Жетісу облысында - 74, Атырау облысында - 68, Шығыс Қазақстан облысында - 20, Абай облысында - 43, Жамбыл облысында - 81, Батыс Қазақстан облысында - 52, Қарағанды облысында - 379, Ұлытау облысында - 41, Қостанай облысында - 49, Қызылорда облысында - 102, Маңғыстау облысында - 34, Павлодар облысында - 49, Солтүстік Қазақстан облысында - 24, Түркістан облысында - 20 Елімізде барлығы 1 303 634 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырды.