Жаңа жыл алдында қауіпсіздік шараларын сақтау керек
Жаңа жыл алдында қауіпсіздік шараларын сақтау керек
2016 жылғы 12 желтоқсан мен 2017 жылғы 5 қаңтар аралығында «Пиротехника» атты жедел-профилактикалық іс-шара жүргізілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Пиротехниканы пайдалану кезіндегі сақтық және қауіпсіздік техникасын сақтау шаралары туралы» тақырыбында өткен брифинг барысында Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің өкілі Марат Отыншин мәлім етті.
Ол пиротехникаларды арнайы рұқсат етілген дүкендерден сатып алуға кеңес берді. Сондай-ақ әкімшілік полиция комитетінің өкілі пиротехниканы қауіпсіздік шараларын сақтай отырып қолдану қажеттілігне назар аударды.
«Жаңа жыл мерекесін өткізу кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың белгіленген азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы қағидаларының сақталуын бақылау мақсатында 2016 жылғы 12 желтоқсан мен 2017 жылғы 5 қаңтар аралығында әкімшілік полиция, жергілікті полиция қызметі және азаматтық қорғау органдары бөлімшелерінің қызметкерлері «Пиротехника» атты жедел-профилактикалық іс-шара жүргізілуде. Ол рұқсат етілмеген, сондай-ақ рұқсат беру құжаттары жоқ пиротехникалық бұйымдарды сату фактілерін анықтауға бағытталған, адамдар жаппай жиналатын орындарды тексеруге ерекше көңіл бөлінеді», – деп атап өтті М. Отыншин.